Саясат • 13 Маусым, 2026

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрағасы болып сайланды

1 мин
оқу үшін

Бұл шешім партияның кезектен тыс съезінде қабылданды. Бұған дейін партияға ұзақ жылдар төрағалық еткен Азат Перуашев Дания Еспаеваның кандидатурасын ұсынған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрағасы болып сайланды

Фото: Ашық дереккөз

Партия съезінде сөз сөйлеген Перуашев Дания Еспаеваны заманауи Қазақстанның саясаты мен экономикасындағы жаңа үрдістердің бастамашысы ретінде сипаттады.

«Дания ханым – жаңа үрдістер мен дәстүрлердің көшбасшысы. Оның таланты, интеллекті, дұрыс шешім қабылдай білу қабілеті, батылдығы және өзгелер мүмкін емес деп санаған істерді алғаш болып жүзеге асыруға дайын болуы партиямызға жаңа серпін мен оң өзгерістер әкеледі деп сенемін», – деді ол.

«AMANAT» съезі Президент реформаларына қолдау көрсету жолында «Әділетке» қосылуды мақұлдады

Съезд барысында партия мүшесі Меруерт Қазбекова Дания Еспаеваның кандидатурасын қолдады. Ал Қарағанды облысынан келген делегаттардың бірі партия төрағалығына Ермек Әбілдиннің кандидатурасын ұсынды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша көпшіліктің қолдауымен Дания Еспаева партияның жаңа төрағасы болып сайланды.

Айта кетейік, Азат Перуашев «Ақ жол» партиясы төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар