Заң • 13 Маусым, 2026

Қызметтік иттің көмегі: Астанада жүргізушінің көлігінен есірткі табылды

1 мин
оқу үшін

Елордада Бакс қызметтік иті қалаға кіреберістегі бақылау бекеттерінің бірінде тыйым салынған заттарды тасымалдау дерегін анықтауға және оның жолын кесуге көмектесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызметтік иттің көмегі: Астанада жүргізушінің көлігінен есірткі табылды

Тексеру кезінде көліктің алдыңғы жолаушы орындығынан өзіне тән иісі бар сұр түсті зат салынған бөтелке табылды. Бұл заттың гашиш екені анықталды.

Тыйым салынған заттың 40 жастағы иесі ұсталды. Табылған зат тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Есірткі бизнесіне адамдарды тартумен айналысқан call-орталықтар жойылды

Жыл басынан бері елордалық полицейлер қызметтік иттердің көмегімен тыйым салынған заттарды сақтау және тасымалдаудың 32 дерегін анықтады.

«Астанада есірткі қылмыстарының алдын алу және жолын кесу бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Полиция азаматтарға есірткі құралдарын заңсыз сақтау, тасымалдау және тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді», делінген ақпаратта.

Шымкент тұрғынынан аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі тәркіленді

Бұған дейін Таразда шетел азаматынан ірі көлемде есірткі тәркіленгені туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар