Digital • 01 Тамыз, 2025

Керек дерек

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді әскери оқу орнына қайта қабылдануға өтінішті смартфон арқылы беруге болады. «eGov Mobile» мобильді қосымшасында «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қайта қабылдау» қызметі қолжетімді болды. Бұған дейін бұл қызмет «eGov.kz» порталында ұсынылатын.

Керек дерек

Сурет: bluescreen.kz

Қызмет кемінде бір семестр білім ал­ған әс­кери оқу орындары­ның бұрынғы курсанттарына арналған. Өтініш цифрлық фор­матта қалып­тасты­рылады, ал қажетті дерек­тердің басым бөлігі мемле­кеттік ақпараттық жүйе­лерден автоматты түрде жүктеледі. Бұл үдерісті барынша оңай әрі ыңғайлы етеді. Алайда өтінішті оқудан шығарылған сәттен бастап бір жыл ішінде ғана беруге болатынын ескеру қажет.

Қызметті пайдалану үшін  «eGov Mobile» мобильді қосым­шасында «Қызметтер», «Әскери есепке алу» бөлімдеріне өтіп,  «Қазақстан Республикасы Қор­ғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қайта қабылдау» қызметін таңдау қажет. Содан соң оқу орны мен оқудан шығарылған мерзім туралы ақ­паратты көрсетіп, жеке дерек­терді өңдеуге келісім беріп, қа­жетті құжаттарды жүктеу керек. Соңғы қадам – ЭЦҚ немесе баламалы тәсілдер арқылы өтінішке қол қою қажет. 

Қызмет тегін ұсынылады, құжат 20 күнде дайын болады. Өтінішті қарау нәтижесі «Жеке кабинет тарихы» бөлімінде қолжетімді болады.

Айта кету керек, «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министр­лігінің әскери оқу орын­­дарына қайта қабылдану» қызметі eGov.kz порталында да қолжетімді. Бұл жаңарту  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және Қорғаныс министрлігінің бірлескен жұ­мысы нәтижесінде іске қосылды.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025