Театр • 01 Тамыз, 2025

Жас Абаймен маусым жабылды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры V театр маусымын М.Әуезовтің «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасымен жапты.

Жас Абаймен маусым жабылды

Сурет: astana-akshamy.kz

Биылғы V маусымның жабылуы қазақтың ұлы ақыны, философ, сазгер және ағар­ту­шысы Абай Құнанбайұлының 180 жыл­­дығына арналды. Іс-шара барысында­ ­театр директоры Асхат Маемиров: «Кез келген театр үшін маусымның ашылуы мен жабылуы жүректі толқытатын сәт. Әрі сіздермен бір айдай үзіліс жасап, қайтадан кездесеміз. Осыдан бес жыл бұрын ашылғанда да Мұхтар Әуезовтің «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасымен шымылдығын түрген болатынбыз. Бұл – театрымыздың төлқұжаты іспеттес қойылым. Осы бесінші ме­рейлі маусымда бес қойылымның премьерасын жасадық. Сондай-ақ көрер­мендерге 266 мәрте спектакль ұсынып, бұл қойылымдарды 61 181 адам тамашалады», деді.

Осы маусымда театр қоржынына «Қызжылаған» драмасы, «Сылаң қыз» комедиясы, «Әміре» моноспектаклі, «S.O.S» драмасы, «Мәншүк» музыкалық драмасы еніп, 5 жаңа премьерамен толығып, театрдың репертуарындағы қойылымдар саны 28-ге жеткен.

«Абай-Тоғжан» музыкалық драмасы – театрдағы жаңа туынды. Бала­лар мен жасөспірімдер дүниетаны­мына, талғамына, рухани болмысының қалыптасуына әсер ететін қойылым – Абай ғұмырының бозбала кезеңінен көрініс береді. Қойылым режиссері театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі Асхат Маемиров болса, инс­це­нировка авторы – Мирас Әбіл, му­зыкалық кеңесшісі – Димаш Құдай­бер­ген.

Жас Абайдың жүрегінде оянған алғашқы махаббаты, көкірегінде туған тұңғыш жыры әуезді әнге айналып, ішкі сезім тебіреністерін аласапы­ран күйге салады. Тоғжанға деген іңкәр сезім – өмірге деген құштарлыққа ұла­сып, Абайдың адамзатқа деген асқақ махаббатының темірқазығына айналды. Құнанбайдай әкенің өнегесі, Ұлжандай ананың тәрбиесі, қоршаған ортаның тылсым сыры, ғашықтықтың ғаламаты, дос пен бауырдың қадірі жас көрерменнің жанына рухани ләззат сыйлап, санасына көркем көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025