«Таза Қазақстан» • 30 Шілде, 2025

Жалпыұлттық жауапкершілік

50 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Сенат депутаттарының өңірлерге сапары Қызылорда облы­сы мен Астана қала­сында жалғасын тапты. Атап айт­қан­да, Наурызбай Байқа­дамов пен Руслан Рүстемов Қызыл­­орда облысындағы «Таза Қазақ­стан» жалпыұлттық эколо­­гия­лық іс-шара­сын жүзеге асыру­ барысымен танысса, депутат Андрей Лукин Астанадағы тұрмыс­тық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларды уақытша қорғау және олар­ға психологиялық көмек көрсететін «Үміт» дағдарыс орта­лығында болды.

Жалпыұлттық жауапкершілік

Қызылордаға барған сенаторлар қала әкімі Нұржан Ахатовпен бірге бір­қа­тар қалалық нысанды, оның ішінде Пре­­зи­дент саябағын, «Қорқыт ата» аллея­­сын, Мем­ле­кет­тік рәміз­дер ала­ңын аралады. Бұл нысан­дар­дың ау­мағы Мемлекет бас­шысының жайлы қа­ла ортасын қалыптастыру жөніндегі тап­сыр­масы аясында абаттандырылған еді.

Депутаттар жаңартылған көше­лерді, бақтар мен көпқабатты үйлер­­дің аулаларын, спорт және ойын алаң­дарын, сондай-ақ жер­гі­лікті кәсіп­кер­­лер­дің қолдауы­мен жаңарған тұр­ғын үй ғимарат­тарының қасбеттерін көр­ді. Кейінгі үш жылда 400-ден аса жоба жүзеге асып, облыс орталығын көгал­дандыру мен инфрақұрылымды жақ­сар­ту бойынша кешенді жұмыстар жасал­ғаны атап өтілді.

Сенаторлар Президенттің бастамасы бойынша жүзеге асқан «Таза Қазақстан» экологиялық іс-шарасы бүгінде жалпыұлттық сипатқа ие бол­­­ға­нын атап өтті. Ол маңызды тәр­бие­лік мәні зор әрі қоғамды ынты­мақ­қа ұйыстыратын қадам болып отыр.

«Мемлекет басшысының бас­тамалары жергілікті жерлерде нақты жүзеге асқанын Қызылорда қаласынан көріп отырмыз. Осы бағыттағы жүйе­лі жұмыс жалғаса береріне, облыс экологиялық тұрақтылық пен абаттандыру орталығының үлгісі ретінде дами түсетініне сенімдіміз», деді сенатор Н.Байқадамов.

Депутат Р.Рүстемов бизнестің әлеу­меттік жауапкершілігі аса маңыз­ды екеніне назар аударды. Соның арқасында облыста 80-нен аса спорт нысаны салынып, ондаған тұрғын үйдің қасбет­тері жөнделген. Сенаторлар Мемлекет басшы­сының тапсырмалары өңірде сапалы жүзеге асып жатқанын атап өтті. Әр істің тиім­ділігі жоғары екеніне және жергілікті тұр­ғын­дардан қолдау тауып отырғанына куә болды.

Елордадағы «Үміт» дағ­дарыс орталығына бас сұққан депутат А.Лукин мекеме­нің ұжымымен және қамқор­лық­қа бөленген жандармен кездесіп, олардың өмір сүру жағ­дайымен, көрсетілетін әлеу­меттік және медициналық қыз­мет­тер ауқымымен танысты. Бас­қосуда зардап шеккендерді қорғаудың заң­нама­лық және институционалдық тетіктерін жетілдіру, салалық мекемелер арасындағы үйлестіруді күшейту, сондай-ақ қайталанған зорлық-зом­былық жағдайлары­ның алдын алу­да тиімділікті арттыру мәселе­­лері талқыланды. Депутат былтыр әйел­дер мен балаларға қатысты зор­лық-зом­былық көрсет­кендерге жазаны қатаң­дату, алдын алу шара­ла­рын кеңейту, сон­дай-ақ аза­мат­тар­дың осал санаттарын құқық­­тық қор­ғауды күшейту туралы ма­ңыз­­ды заң қабылданғанын айтты.

Депутат жұмыс сапары аясында елор­да­лық «Сарыарқа» ауданы­ның акти­ві­мен де кездесті. Әлеу­меттік-эконо­ми­ка­лық даму­дың өзекті мәселелері, оның ішінде үй маңындағы аумақтарды абат­­­тандыру, тұрғын үй-ком­муналдық қыз­­­меттердің сапасын жақсарту, қала тұр­­­ғын­дарына меди­цина­лық көмек пен білім беру инфра­құ­ры­лымының қолже­тім­­­­ді­лігі талқы­лау­дың негізгі тақы­рыбы бол­д­ы.

Сенатор Мемлекет басшы­сының бас­тамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» іс-шарасы эко­­ло­гия­­лық мәдениетті қалып­тас­ты­руға, абат­тандыру мәселелерін шешуге және азаматтардың өмір сүру сапа­сын жақ­сартуға ықпал ететін маңызды бірік­тіруші фак­торға айналғанын атап өтті.

«Таза Қазақстан» мемлекеттік орган­дар­дың, жұртшылық пен қара­пайым азамат­тар­дың күш-жігерін бірік­тіре отырып, шын мәнінде жалпы­ұлттық сипатқа ие болып отыр. Бұл қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау­­ды қалып­тастырудың және елі­міз­дің бола­шағы үшін ортақ жауап­кер­ші­лік сезімін күшей­тудің маңызды құ­ра­лы», деп атап өтті А.Лукин.