Аймақтар • Бүгін, 08:35

Сырдария өзенінде 9 заңсыз сорғы қондырғысы анықталды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мамандары Сырдария өзенінен суды заңсыз алып келген 9 тіркелмеген сорғы қондырғысын анықтады.

Сырдария өзенінде 9 заңсыз сорғы қондырғысы анықталды

Нәтижесінде, 9 әкімшілік іс қозғалып, заң бұзғандарға жалпы сомасы 1,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Жалпы, жыл басынан бері Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы арнайы су пайдалануға рұқсатсыз суды пай­даланған 62 адамды анық­тады. Құқық бұзушыларға са­лын­ған айыппұлдардың жалпы со­масы 12,7 млн теңгеден асты.

Сонымен қатар инспекция мамандары 73 елді мекенде жаңа Су кодексінің күшіне енуіне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Суды жосықсыз пайдалан­ған бір фактіні Тобыл-Торғай бас­сейн­дік инспекциясы анық­тады. Атап айтқанда, негізгі су құбырында ағып кету және су есептегіш құрылғысы­ның істен шыққаны тіркелді. Нәтижесінде, су пайдаланушыға айыппұл салынып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

«Қазіргі уақытта барлық бассейндік инспекция су заңна­масының бұзылуына үнемі мониторинг жүргізеді. Сондай-ақ су пайдаланушылармен жаңа Су кодексі, суармалы суды пайдалану ережелері, арнайы су пайдалануға рұқсат рәсімдеу және су үнемдеу технологияларына көшу қажеттілігі мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», деді Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Темірлан Әбдіқұлов.