
Ресми дерекке жүгінсек, осы жылдың 28 наурызында Байзақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы өнімді тиісті рұқсатсыз сатқаны үшін жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған.
«Байзақ аудандық сотының 2025 жылғы 16 сәуірдегі қаулысымен кәсіпкер ӘҚБтК-тің 463-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 98 300 теңге айыппұл салынған.Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі зерделеу барысында тексеру заңсыз жүргізілгені, яғни Басқарма кәсіпкердің қызметін тексеру туралы нұсқаманы бермегені анықталды.
Кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында аудан прокуратурасы 2025 жылғы 28 мамырда сот шешіміне апелляциялық өтінішхат берді. 2025 жылғы 5 маусымда Жамбыл облыстық сотының апелляциялық алқасы аудандық соттың жоғарыда көрсетілген қаулысының күшін жойды.
Сонымен қатар кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібін бұзғаны үшін аудан прокурорының қаулысымен Басқарма бөлімінің басшысы ӘҚБтК-тің 175-бабы 2-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», делінген облыстық прокуратура таратқан ақпаратта.