Денсаулық • Бүгін, 11:23

Жазда қандай су тұтыну керек - дәрігер кеңесі

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аптап ыстықта шөлді басу үшін ең тиімді сусын – кәдімгі таза су. Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Салтанат Әлібаева шілденің шіліңгірінде ағзаны дұрыс ылғалдандырудың маңызына тоқталды, деп жазады Egemen.kz.

Жазда қандай су тұтыну керек - дәрігер кеңесі

Ол газдалған және қантты сусындардан бас тартуға кеңес берді.

Маманның айтуынша, күн ыстықта бөлме температурасындағы қарапайым су немесе табиғи жеміс сусыны, компот ішкен дұрыс.

Ал шай ішетін болсаңыз, оны да суытып ішкен жөн.

«Газдалған, тәтті сусындар мен энергетиктердің ағзаға пайдасынан гөрі зияны көп. Олар шөлді уақытша ғана басады да, кейіннен қайта шөлдетіп, асқазанға ауырлық түсіреді», – деді Салтанат Қордабайқызы.

Сондай-ақ ол шілдедегі аптапта суды жеткілікті мөлшерде тұтыну қажет екенін атап өтті.

Дәрігерлердің айтуынша, адам ағзасына тәулігіне 1 кг салмаққа шамамен 30 мл су қажет. Бұл – ересек адам үшін күніне 1,5 литрден 2–3 литрге дейін сұйықтық ішу керек деген сөз.

Маман ыстық күндері ас мәзірін де жеңілдетуге шақырады.

«Аш жүруге болмайды. Ең дұрысы – әр 2–3 сағат сайын аз-аздан тамақтану. Ауыр, қуырылған тағамдардан гөрі көкөніс, жеміс пен салқындатылған сорпаға басымдық берген абзал», – деп кеңес берді Салтанат Әлібаева.