АТЫРАУ. 17 ақпан. Атырау облысында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қаражат есебінен ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері көбейді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Мұндай ақылы қоғамдық жұмыстың түрлері былтыр 26-ға жетіп, оған 5990 жұмыссыз адам жіберілді. Осы жұмыстарға көбінесе ауылдық жерлердегі әйелдердің белсенділігі арта түсуде. Қоғамдық жұмыстар шабарман, газет таратушы, су, газ, жарық, салық агенттері, іс-жүргізуші, есепші мен тәрбиешінің көмекшісі, мәдениет қызметтері, әскерге шақыру қағазын таратушы, жалғызбасты және қарттарға көмекші бағыттары бойынша ұйымдастырылды. Нысаналы топтағы адамдар үшін (29 жасқа дейінгі жастар, көп балалы аналар, мүгедек, жетім, оралман, жазасын өтеп шыққандар, аз қамтылған, жұмыстан қысқарғандар, 50 жастан асқандар) ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыстарға 638 адам орналастырылды. Оның ішінде 485-і «Жұмыспен қамту –2020» бағдарламасы шеңберінде жұмыс тапты» деп мәлім етті облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Көңілқос Орысбаев.
Жұмыссыз кадрларды еңбек нарығында бәсекеге қабілетті деңгейіне жеткізуге де баса көңіл бөлінуде. Осы бағытта ішкі еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша оқыту курстары өткізіліп келеді. Кәсіби оқыту курстарына 1 309 жұмыссыз жіберілді. Былтыр алдыңғы жылдары оқуға жіберілгендерді қоса есептегенде 1 163 адам кәсіби оқыту курстарын бітіріп, оның 637-і жұмыспен қамтылды. Қысқа мерзімді курстар 24 кәсіптік колледждер мен мемлекеттік емес оқу орталықтарында 45 мамандық бойынша мамандарды қайта даярлауды ұйымдастыру үшін жүзеге асырылды. Сонымен бірге, жұмыс берушілердің қатысуымен өткізілген 81 бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерне 4 671 адам қатысты. Соның нәтижесінде 1 443 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Осындай жәрменкелер арнайы мүгедек пен жастар үшін ұйымдастырылды.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: azh.kz.
• 17 Ақпан, 2015
Атыраудағы жұмыссыздар түрлі қоғамдық жұмысқа тартылды

Өскемендегі жарылыс: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 17:59
8 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 17:36
Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден төленді
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Стенд атудан әлем кубогі: Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:23
Қор биржасында доллар тағы қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 17:12
Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Шаруашылық • Бүгін, 17:00
Мемлекет басшысы тапсырма берді: Айбек Дәдебай немен айналысатыны белгілі болды
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Xinjiang Lihua компаниясының басшысын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:25
Алдағы үш күнде ауа райы қалай өзгереді?
Ауа райы • Бүгін, 16:16
Қазақстанда декреттік төлемдерге бақылау күшейеді
Қоғам • Бүгін, 16:08
Астанада «Шекарашы балақай» мультсериалы көрсетілді
Елорда • Бүгін, 15:54
ХҚКО тренд үшін неке қию туралы куәлікті жыртпауға шақырды
Қоғам • Бүгін, 15:32
«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Полиция қылмыстық іс қозғады
Оқиға • Бүгін, 15:28
Жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салына ма?
Қоғам • Бүгін, 14:59
Ақтауда мас күйдегі ер адам әріптестерін қарумен қорқытқан
Оқиға • Бүгін, 14:30