Ғалам ғажаптары • 26 Шілде, 2025

Қоқыс импорттайтын мемлекет

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Норвегия – қоқысты электр энергиясына айналдыратын заманауи зауыттары бар ел. Алайда 2015 жылы бұл мемлекеттің өз қоқысы тау­сы­лып, басқа елдерден жәрдем сұрай­ды.

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Сол кезде көрші Швеция да дәл осындай технологияны іске қосып, қалдық өнімдерді жағуда мықты бәсекелеске айналған еді. Ал өз зауыттарын бос қалдырмас үшін Норвегия енді қоқысты Ұлыбританиядан импорттай бастады. Осылайша, қоқысты кәдеге жарату ісі Норвег елінде тек экологиялық шешім ғана емес, энергия өндірудің тұрақты көзіне айналды.