«Таза Қазақстан» • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Астана әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі экобуккроссинг сөресін іске қосты. Мақсат – кітап арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру, деп жазады Egemen.kz

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

Фотолар: Астана әкімдігі

«Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ директорының орынбасары Бекболат Арыстанбековтың айтуынша экобуккроссинг сөресі – кітапхана қызметкерлері мен оқырмандарды ортақ кеңістікте біріктіреді, онда әркім кітапты қоқысқа тастаудың немесе пайдаланбай құр сақтаудың орнына басқа оқырманға бере алады, яғни бір-бірімен кітап алмасады.

«Экобуккросингке қойылған басты тақырыптар елімізде мекендейтін жануарлар түрлеріне, еліміздің табиғатына, қорықтарына, таулы аймақтарына арналады. Көрмеге өсімдіктер әлемі, балаларға арналған экологиялық әліппе сынды кітаптарды қойдық. Сондай-ақ келушілер көрмеден облыстардың сұлу табиғаты туралы кітаптарды да таба алады. Кітаптарды алу үшін әр адам өзінің экологиялық бағыттағы бір кітабын әкеліп, орнына басқа кітапты алып кете алады», деді Б.Арыстанбеков.

Астана әкімдігі

Айта кетелік, аталған ерекше іс-шара жыл соңына дейін болады.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше