Әлем • 25 Шілде, 2025

Қытайлық хакерлер Microsoft серверін бұзды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Microsoft корпорациясы Қытаймен байланысты киберқылмыскерлердің кейбір жергілікті SharePoint серверлерін бұзып, оларды пайдаланатын ұйымдардың деректеріне қол жеткізгенін мәлімдеді. Бұл шабуылдар бұлттық (cloud-based) SharePoint қызметіне емес, тек жергілікті серверлерге бағытталған, деп жазады Egemen.kz.

Қытайлық хакерлер Microsoft серверін бұзды

Компанияның айтуынша, кибершабуылдарға Қытай мемлекеті қолдайтын Linen Typhoon мен Violet Typhoon топтары және Қытай аумағынан әрекет ететін Storm-2603 атты хакерлік топ қатысқан. Олар SharePoint жүйелеріндегі осал тұстарды пайдаланып, жүйеге заңсыз қол жеткізген.

Microsoft қауіпсіздік жаңартуларын шығарды және барлық жергілікті SharePoint серверлерін пайдаланушыларға бұл жаңартуларды дереу орнатуды ұсынды. Компания бұл осалдықтар түзелмеген жүйелерге шабуыл жалғасуы мүмкін екенін «жоғары сеніммен» болжап отыр.

«Хакерлер серверге арнайы сұраныс жіберіп, криптографиялық кілттерді ұрлауға мүмкіндік алған», делінген Microsoft таратқан мәлімдемеде.

Алайда, бұл айыптауларға байланысты Қытай тарапы жауап беріп үлгерді. АҚШ-тағы Қытай елшілігінің өкілі Лю Пэньюй X  желісіндегі мәлімдемесінде:

«Қытай кибершабуылдар мен киберқылмыстың кез келген түріне үзілді-кесілді қарсы және олармен күреседі. Сонымен қатар, нақты дәлелсіз өзгелерді қаралауға үзілді-кесілді қарсымыз», деп жазды.

Microsoft шабуылдарға қатысқан өзге де хакерлік топтарды анықтау бойынша тергеуді жалғастырып жатқанын айтып, ресми блогында қосымша мәліметтер жариялап отыратынын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50

Жерлесіміздің 20 жетістігі

Спорт • Бүгін, 08:45

Көпбалалы отбасы қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:40

Нәрестені ширатқан орталық

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Көптің аманатын арқалаған

Әйел әлемі • Бүгін, 08:30