
Фото: Oqu-agartu ministrligi
Күміс жүлдегерлер: Астанадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Әмірбек Азатбеков және Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Бекасыл Елубай.
Қола жүлдеге қол жеткізгендердің үшеуі де Астана тұрғындары: Атап айтқанда, «Spectrum» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы Әмір Пшенбаев, NURORDA мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Нұргүл Егенбергенова, «Spectrum» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы Артур Ким.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше команданың ғылыми жетекшілері – PhD докторы, Сулейман Демирель университетінің ассистент-профессоры Самат Мақсұтов және халықаралық олимпиадалардың жүлдегері Алишер Еркебаев.
Айта кетелік, физикадан халықаралық олимпиада 1967 жылдан бері өткізіліп келеді және әлемдегі ең беделді пәндік жарыстардың бірі саналады (International Science Olympiads). Қазақстан IPhO олимпиадасына 1997 жылдан бері тұрақты қатысып келеді. Осы уақыт ішінде ұлттық құрама ондаған медаль жеңіп алып, дайындығы мен ғылыми әлеуетінің жоғары екенін дәлелдеп жүр.