
Спорттық гимнастикадан командалық жарыс кезінде жапондық спортшы Сун Фудзимото тізесін сындырып алады. Кез келген спортшы үшін бұл жарысты тоқтатуға толық негіз болар еді. Алайда Фудзимото жарақатына қарамастан, бұл жайында бапкерлеріне де, дәрігерлерге де тіс жармай, жарысты жалғастырады. Ол алдымен гимнастикалық ат снарядында өнер көрсетеді. Кейін сақинада күрделі жаттығулар орындайды. Ең таңғаларлығы – соңғы кезеңде ол біршама биіктіктен құлдилап келіп екі аяғымен жерге мінсіз түседі. Осы кезде тізесіне түскен ауыр салмақтан оның жарақаты одан әрі асқынып кеткенімен, спортшы бұл сәтті де сабырмен еңсере білді. Фудзимотоның бұл батыл қадамы командасына шешуші ұпайлар алып келіп, Жапония құрамасы жарыста алтын медаль иеленеді.