Ғалам ғажаптары • Кеше

Сезімтал мысық

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезін­де мысықтар окоптарда сарбаздар­дың тұрақты серігіне айналды. Олар негізінен тышқан аулап, сани­тар­лық жағдайды жақсартуға көмектескен.

Сезімтал мысық

Сонымен қатар мысықтар газ шабуылдарын ерте сезіп, талай сарбаздың өмірін сақтап қалған. Егер мысық бір­ден мазасызданып, қаша жөнелсе, бұл химиялық шабуылдың басталғанын сездіретін еді. Сарбаздар мұны түсініп, дереу газқағарларын киіп үлгеретін. Мысықтардың осындай ерекше сезімтал­дығы көптеген жауынгердің өмірін сақтап қалуға себеп болды.