Ғалам ғажаптары • Кеше

«A113» құпиясы

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көпшілікке белгілі «Disney» мен «Pixar» мультфильмдерінде көзге көрінер-көрінбес құпия белгілер, түрлі символдар жиі кездесіп жатады. Мәселен, «A113» деген таңбалы комбинация.

«A113» құпиясы

Осы бір белгі түрлі мультфильмде көлік нөмірі, есік жазуы немесе электрондық код ретінде көрініп отырады. Бұл жай ғана кездейсоқтық па әлде оның ар жағында біз білмейтін құпия сыр бар ма?

Шын мәнінде, «A113» – Калифорния өнер институтындағы аудитория нөмірі. Дәл осы бөлмеде анимация саласындағы болашақ жұлдыздар – Pixar, Disney, Warner Bros және басқа да әйгілі студиялардың суретшілері мен режиссерлері білім ал­ған. Сондықтан бұл нөмір – мультфильм майталмандарының  шәкірттік кезін еске түсіретін өзара естелігі, жасырын сілтемесі әрі өнер мектебіне деген құрметі.