Ғалам ғажаптары • Кеше

Жүлдеден биік жарастық

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1936 жылы Берлиндегі Олимпиада ойындарында жапон спортшылары Сюхэй Нисида мен Суэо Оэ сырықпен секіру сайысынан сынға түсіп, бірдей нәтиже көрсетеді. Сөйтіп, екеуі де екінші орынға лайық деп танылды.

Жүлдеден биік жарастық

Алайда олар қосымша секіруден бас тартқан соң, Спорт федерациясы күміс медальды Нисидаға, қола медальды Оэге береді.  Қос спортшы бұл шешімге келіс­пей, Токиоға оралған соң, өз медальда­рын біріктіріп, қайта құйдырған. Соның нәтижесінде олардың әрқайсысында күміс-қола аралас гибрид медаль пайда болды. Осылайша, бұл оқиға спорт тарихындағы бауырмалдық пен достықтың ерекше нышаны ретінде есте қалды.