
Алайда бұл түйткілді Кен Астон есімді ағылшын төрешісі шешіп берді. 1966 жылы әлем чемпионаты кезінде бас төреші қызметін атқарған Кен бір күні көлігімен келе жатып бағдаршамға тоқтайды. Сол сәтте ол бағдаршамдағы түстерді футбол тәртібіне қолдануға болатынын түсінеді. Осылайша, бұл ереже алғаш рет 1970 жылы Мексикада өткен әлем чемпионатында қолданылды. Содан бері сары және қызыл қағаздар футбол тәртібінің ажырамас бөлігіне айналды.