Аймақтар • Бүгін, 16:11

Қостанайлық кəсіпорындар 1,5 трлн теңгенің өнімін өндірді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының өнеркәсіп саласындағы табыс көлемі 54,3%-ға артты. Өңірдің өңдеу өнеркəсібіндегі өсім машина жасау көлемнің ұлғаюымен тікелей байланысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайлық  кəсіпорындар 1,5 трлн теңгенің өнімін өндірді

Облыстық Экономика жəне бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Ілиясхан Əмірбековтің айтуынша, соңғы алты айдың ішінде өңір экономикасына тартылған жеке инвестиция 8,4 пайызға ұлғайып, 222,5 млрд теңгеге жеткен.

«Экономиканы одан əрі дамыту бағытында көп жұмыс істеліп жатыр. Биыл 7 бірдей ірі индустриялық-инвестициялық жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Оның бесеуі – машина жасау саласына қатысты. Жыл аяғына дейін облыста 4 сүт-тауар фермасы пайдалануға беріледі. Тағы 5 ферма салу жоспарда бар», дейді басқарма басшысы.  

Қостанай облысы