Филиал Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аграрлық бағытта «Агрономия – ауыл шаруашылығы ғылымдары мен технологиялары» қосдипломды бағдарламасын жүзеге асыруда. Алғашқы кезеңде облыс әкімдігі 14 грант бөлді. Студенттерге шетелдік профессорлар дәріс оқиды, заманауи зертханаларда тәжірибе жүргізіледі. Оқуды тәмамдаған түлектер қазақстандық және италиялық диплом алып шығады.
«Жетісу – аграрлық аймақ. Сондықтан ауыл шаруашылығы ғылымын дамытатын, еуропалық тәжірибесі бар мамандар даярлау – уақыт талабы. Бұл бастама ауылға білім мен ғылымды әкеледі», – дейді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.
Болашақта тағам инженериясы, туризм, экономика және цифрлық технологиялар бағытында да жаңа бағдарламалар ашылмақ.