Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Бапкері – бейнежазба

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Расымен, «Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда». Бұған дәлел – кениялық спортшы Джулиус Йего. Ол найза лақтыруды Youtube-тағы бейнежазбалар арқылы үйреніп, Олимпиада жүлдегері атанған.

Бапкері –  бейнежазба

Йего бұл спорт түрін өз бетінше меңгеріп, чемпиондардың шеберлігін жіті бақылап, олардың техникасын қайталау арқылы әбден машықтанған. 2015 жылы ол жеңіл атлетикадан әлем чемпионы атанып, ал 2016 жылы Рио-де-Жанейро Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды.