Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Ақылды аю

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Иран жерінде жүрген поляк сарбаздары кішкентай қонжық тауып алыпты. Олар оны асырап, Войтек деп атаған екен.

Ақылды аю

Ақылды аю сарбаздарға бауыр басып, жауынгерлердің нағыз досына айналады. Тіпті уақыт өте келе Войтек әскер қатарына ресми түрде қабылданып, 22-артиллерия­лық жабдықтау ротасының құрамына қосылады. Ол аз десеңіз, Войтек жауынгерлермен бірге Италияға дейін жетіп, әйгілі Монте-Кассино шайқасына қатысады. Сол жерде ол оқ-дәрі салынған жәшіктерді түсіріп, снарядтарды зеңбіректерге жеткізіп отырған. Бұл көрініс кейін 22-ротаның жаңа эмблемасында көрініс табады.