Заң • Бүгін, 15:21

Қылмыстық құқық бұзушылық азайып, алаяқтық артқан

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бас прокуратура жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті құқық саласындағы жарты жылды қорытындылады, деп жазады Egemen.kz.

Қылмыстық құқық бұзушылық азайып, алаяқтық артқан

Фото: gov.kz

Комитет мәліметінше, осы жылдың алғашқы 6 айында елімізде 64 529 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 463-ке аз, пайызға шаққанда 6,5% төмендеген. 
Санат бойынша жіктесек, аса ауыр қылмыстар саны  - 58,4%-ға, орташа ауырлықтағы қылмыстар - 14%-ға, онша ауыр емес қылмыстар - 13,4%-ға азайған. Десе де ауыр қылмыстар саны 2,4%-ға өскені анықталған. 

Ал ұрып-соғу, ұсақ ұрлық, жол ережесін бұзу сынды құқық бұзушылықтар жалпы көрсеткіштің 20 пайызын құрап отыр. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті жақында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің кейбір баптарының қылмыстық құқық бұзушылық санатына ауысуы бұл санаттағы бұзушылықтардың азаюына ықпал еткенін атап өткен. 

Сондай-ақ, ұрлық фактілері  27,6%-ға төмендеген. Мәселен,  2024 жылы алты айда 16 309 ұрлық тіркелсе, осы жылы 11 809 дерек тіркелген. 

Тонау 34%-ға (870 фактіден 574 фактіге дейін), қарақшылық 38,6%-ға (70-тен 43-ке дейін), адам өлтіру –18,8%-ға (324-тен 263-ке дейін) , адам өлтіруге оқталу –32,1% -ға (78-ден 53-ке дейін) бұзақылық –23%-ға (892-687) зорлау –11,7%-ға (256-дан 226-ға дейін) азайған. 

Жарты жылда жалпы алаяқтыққа қатысты 22 812 жағдай тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 168 жағдайға немесе 0,7%-ға артық. 

Интернеттегі алаяқтық керісінше қарқын алған. Интернеттегі алаяқтық - 24,7%-ға өсіп, 9 936-дан 12 390 жағдайға жеткен. Азаматтардың басым бөлігі сайттардың, қоңыраулардың және чаттардың құрбанына айналып жатыр.

Комитет қылмыскерлер әлеуметтік желілерді, онлайн жарнамаларды, жалған жеткізу қызметтерін пайдаланатынына, тіпті банк шоттарын да қолдан жасайтынына назар аударған.