
Бұл байқау – тек үлгілі отбасыларды марапаттау ғана емес, сонымен қатар бірлігі жарасқан, берекелі шаңырақтарды көпшілікке танытып, өскелең ұрпаққа өнеге етудің жарқын үлгісі.
Ел Президенті бейбітшілік пен дамудың бастауы – отбасындағы тәрбие, көшедегі тазалық, қоғамдағы бірлік екенін үнемі айтып келеді. Әрбір берекелі отбасы – ел болашағының кепілі. Сондықтан бұл байқаудың мәні терең, маңызы зор.
Бүгін дара шыққан отбасылар – тек өз әулеттерінің ғана емес, барша облыс жұртшылығына үлгі, қазақ елінің мақтанышы»,– деді өңір басшысы марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша үшінші орынды Дауылбаевтар (Талас ауданы) және Шайхиевтер (Меркі ауданы) отбасы иеленді. Екінші орын Омаровтар (Мойынқұм ауданы) мен Абдуалиевтердің (Жуалы ауданы) шаңырағына бұйырды. Бірінші орын Әлімбетовтер отбасына (Байзақ ауданы) табысталды. Бас жүлдені Бектасовтар әулеті жеңіп алды.
Байқауда топ жарған отбасылар – ұлағатты ұрпақ тәрбиелеп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Олардың арасында теміршолшылар, жұмысшы мамандар, кәсіпкерлер мен шаруалар, білім және мәдениет саласының майталмандары бар. Жеңімпаздарға қаржылай сертификат табысталды (Бас жүлде – 700 мың, І орын – 600 мың, ІІ орын – 500 мың, ІІІ орын – 400 мың).
Табиғат Мұсылманқұл, Жамбыл облысы