Аймақтар • Бүгін, 12:57

Ақтауда жалаңаш ер адам 11 қабатты үйдің төбесінен секіріп кетті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полиция аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтауда жалаңаш ер адам 11 қабатты үйдің төбесінен секіріп кетті

Ақтауда 11 қабатты үйдің төбесінен жалаңаш ер адамның секіріп кеткені туралы видео әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің назарын аударды.

Бейнежазбада ер адамның үйдің шатырына шыққаны және құтқарушылардың оған көмек көрсетуге тырысқаны көрінеді. Өкінішке қарай құтқарушы ер адамға жақындаған кезде ол секіріп кетеді.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.