
Фото: Оқу-ағарту министрлігі (архив)
Аталған платформада 1-11 сыныптардың электронды оқулықтары орналасқан, интерактивті тапсырмалар мен бейне-аудио материалдар бар, кітапханада ұлттық құндылықтарымызды бала бойына сіңіру үшін кітап қоры өте мол.
«TopIQ.kz»-ты қолдану өте оңай әрі қызық. Түстері қанық, баланың көзін шаршатпайтындай, зейінін тұрақты ұстай алатындай, әріп өлшемдері анық, сурет түстері үйлесімді.
Күнделікті электронды журналымыз Күнделік.кз-ке кіретін құпиясөзді пайдалану арқылы оп-оңай «TopIQ.kz»-ке тікелей кіре қоямыз. Платформаның артықшылығы – кез келген гаджетке жүктемей-ақ жұмыс жасау мүмкіндігі қарастырылған. Бұл оқушының да, мұғалімнің де мектепте ғана емес, сонымен бірге, қашықтан оқу кезінде де, каникул уақытында да уақытты ұтымды пайдалану үшін өте қолайлы.
Платформадағы көркем әдебиет бөліміндегі кітаптарды пайдалану арқылы оқушылардың қазақ тілі, әдебиет пәндерінен білім сапасы артты, атап айтқанда, мазмұндама мен шығарма жазу бойынша ой-өрісін дамыта жоспар құру, 4-5 үзінді оқу, сахналық көрініс көрсету, оқығанынан алған әсерін көрсете алу, т.б. көп көмегін тигізіп жатыр.
Осы ретте барлық оқушыларға, ата-аналарға, әріптестеріме «TopIQ.kz» заманауи инновациялық платформаның мүмкіндіктерін пайдалануға шақырамын. Жазғы демалысты осы платформадан кітап оқып, пайдалы өткізейік!
Алия Серікбайқызы,
Астана қаласы № 82 «Дарын» мамандандырылған лицейінің бастауыш сынып мұғалімі