Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 12:37

Колледж студенттерінің республикалық слеті өтеді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің республикалық слеті Ақмола облысындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының филиалында шілденің 21-23 күндері аралығында өтеді. Оған  елдегі барлық өңірден 100 жұмысшы мамандық өкілі қатысады, деп жазады Egemen.kz.

Колледж студенттерінің республикалық слеті өтеді

Фото: Oqu-agartu ministrligi

Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған слеттің мақсаты – жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, жастардың көшбасшылық әлеуетін және кәсіби дағдыларын дамыту. Қатысушылар қазіргі еңбек нарығының сын-қатерлерін талқылап, жұмысшы мамандықтар бойынша мансаптық өсу мүмкіндіктерімен танысады.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше слет бағдарламасына мотивациялық кездесулер, шеберлік сабақтар, тәжірибелік сессиялар мен командалық белсенділіктер кіреді. Әсіресе өзін-өзі таныта білу, сыни және креативті ойлау, топпен жұмыс жасау және қарқынды өзгеріп жатқан  кәсіби ортаға бейімделу дағдыларын дамытуға ерекше назар аударылады.