Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:09

Ақылды маймыл

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

XIX ғасырдың соңында Оңтүстік Африканың Кейптаун портындағы теміржолда Эдвин Уайд есімді сигнал беруші жұмыс істепті. Оқыс оқиға салдарынан Эдвин екі аяғынан айырылған. Кейін ол базардан Джек есімді маймылды сатып алып, оған өз жұмысын толықтай үйретіпті. 

Ақылды маймыл

Бірде теміржол басшылығына жануардың жұмыс істеп жүргені туралы шағым түсіп, Уайдты жұмыстан шығару мәселесі көтеріледі. Алайда ол Джектің қабілетін тексеруді сұрайды. Тексеріс кезінде маймыл-қызметкер барлық тапсырманы мүлтіксіз орындапты. Сол себепті оны басшылық ресми қызметкер ретінде жұмысқа алған. Осылайша, Джек өмірінің соңына дейін сигнал беруші жұмысын абыроймен атқарып шығыпты.