Медицина • Бүгін, 14:35

Туберкулез кезінде кох таяқшаларын 2 сағатта анықтауға болады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдары деңгейінде туберкулезді диагностикалаудың заманауи жылдам молекулалық-генетикалық әдістері енгізілді, деп жазады Egemen.kz.

Туберкулез кезінде кох таяқшаларын 2 сағатта анықтауға болады

Фото: ДСМ

Бұл тәсіл туберкулез микобактерияларының туберкулезге қарсы препараттарға дәрілік сезімталдығын 2 сағаттың ішінде анықтауға мүмкіндік береді.
Емдеуді бастамас бұрын уақытты едәуір қысқартады және аурудың таралу қаупін азайтады.
Бұдан басқа, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін фтизиопульмонологияның барлық өңірлік орталықтарында туберкулезді диагностикалаудың зертханалық әдістері қолжетімді болады.
Сондай-ақ, ұлттық референс-зертханада геномдық секвенирлеу енгізілді.
Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының мәліметтері бойынша, 2025 жылдың 6 айында медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарында туберкулезге күдікті 44 941 адам XpertMTB/Rif әдісімен зерттеуден өткен. Оның ішінде 4 230 оң жағдай анықталған (9,4%).
Анықталған туберкулез инфекциясы бар 8633 адамға профилактикалық ем жүргізілген.