
Фото: Reuters
Сот Имамоғлуды Стамбул прокурорын жұрт алдында балағаттап, қорқытқаны үшін кінәлі деп тапты. Десе де айыпталушы өз кінәсін мойындамай, «Мен сот жүйесін теріс пайдаланумен және оны саяси құрал ретінде пайдаланумен күрестім. Бұл шын мәнінде ұлтымызды қорлау», деген пікірін айтып салды.
Істің қозғалуына Экрем Имамоглудың Стамбулдың бас прокуроры Акин Гүрлекке жазған, мазмұны белгісіз мәлімдемелері себеп болған. Бұл іс әкімнің 2025 жылдың қаңтарында жасаған мәлімдемелеріне қатысты екені хабарланған.
Айыптаушы тарап Имамоглының саяси белсенділігін шектей отырып, кем дегенде екі жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылуды талап етті. Сот үкімімен ол 1 жыл 8 айға қамалды.
Айта кетейік, Түркиядағы президенттік сайлау 2028 жылға жоспарланған, алайда оппозиция оны мерзімінен бұрын өткізуді талап еткен болатын. Кейіннен партия төрағасы Озгюр Фазел мерзімінен бұрын сайлауға қол жинау жөніндегі жалпыұлттық науқанның басталғанын хабарлаған. Әлемдік БАҚ Экрем Имамоғлу елдің қазіргі президентінің басты қарсыластарының бірі болғанын атап өтіп жатыр.