Әдебиет • Бүгін, 09:12

Тапқырлық

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жазушы Сәбит Мұқанов делегациямен шетелде сапарлап, қала аралап жүреді. Задында өмір құбылыстарын көруге, білуге жаны құмар жазушы алаңдарлық жай көп-ақ. Айналаңның бәрі тосын, тосынның бәрі таңсық.

Тапқырлық

Айналаға қарап, жан-жағына алаң­дап келе жатқан жазушы кенет сапарластарынан қалып қойғанын бір-ақ білді. Жазушы қаупалақтады да қалды. Әрі-бері жүгір­гіштеді. Сапарластары қара үзіп кетіпті. Зым-зия. Анда-мында барғыштады. Отан­дастарының бірде-бірін кездестіре алмады. Түйедей қылып тастап кеткеніне қапаланды. Бірақ олар тастап кетті ме, әлде өзі қалып қойды ма? Әй, осы шетел сапары-ай, аз уақытқа келесің де, жын қуғандай жүгіріп жүргенің...

Қаупалақтаған Сәбит «Қа­зақ», «Қазақ» деп үн қатсын айналасына. Ешкім назар аудармайды, назар аударғаны қазақ жазушысының не деп тұрғанын түсінбейді. Шетелде бүкіл кеңес одағын «Ресей» дейді де қояды.

Кенет Сәбит Мұқановтың есіне есімі шетелде дүрілдеп шығып тұрған ақын Жәкесі түсіп кетті. «Бір білсе, соның есімін білер бұлар!». Жалма-жан жазушы: «Жамбыл, Жамбыл. Мен – Жамбыл»,  деп айқай салсын.

Анадайдан біреу бұрылып келіп, «Россия, Россия», деді.

Мынау жуан сары адам­ның кеңес одағы азаматы екенін біліп, елшілікке әкеліп салыпты. Кезінде қазақ атына жүрген қайран Жәкең...

 

Құлбек ЕРГӨБЕК,

әдебиет сыншысы