Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45

Абырой алтыннан артық

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2012 жылы Испанияның Бурлада қала­сында желаяқтар жарысы өтіп жатқан еді. Кениялық спортшы Абель Мутай мәре сызығына санаулы метр қалғанда белгілерді шатастырып, сайыс аяқталды деп ойлап, тоқтай қалады.

Абырой алтыннан артық

Осы сәтте екінші болып келе жатқан испаниялық спортшы Иван Фернандес оның бұл әрекетін байқап қалып «Жүгір! Финиш бұл емес!» деп айқайлайды. Тілін ұқпаған кениялық қарап тұра береді. Содан Фернандес қарсыласының арқасынан итеріп, оны мәре сызығынан өткізіп жібереді. Кейін журналистер одан «Қолыңда тұрған бірінші орынды неге бере салдың?» деп сұрағанда, Фернандес: «Сонда менің жеңісімнің мәні неде болмақ? Анамның бетіне қалай қараймын? Ал балаларымызға қандай үлгі көрсетеміз?» деген екен.