Оқиға • Бүгін, 14:15

Жүк көлігінің жүргізушісі бензин толы автоцистернаға құлап қаза тапты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға түнгі уақытта болған. Полиция жазатайым оқиға бойынша тексеру шараларын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жүк көлігінің жүргізушісі бензин толы автоцистернаға құлап қаза тапты

фото: sespel.com

Павлодар-Қызылорда автожолында жүк көлігінің жүргізушісі бензин толы автоцистернаға құлап, сұйық отынға тұншығып көз жұмды.

- Жазатайым оқиға түнгі уақытта Береке және Төртқұдық  ауылдарының арасында, 55-ші километрде болған. MAN маркалы ершікті  тартқыштың автоцистернасына түсіп кеткен жүргізуші көз жұмды.  Болжам бойынша цистернадағы бензиннен ыдысқа құйып алмақшы болып ішіне еңкейген болуы ықтимал. Сол уақытта бензин толы цистернаның ішіне құлап кеткен, - деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Аталған оқиға кезінде цистерналы көлікте өзге де адамдар болған. Марқұм бензин буына тұншығып қалғандықтан оның өмірін құтқару мүмкін болмаған.

Ер адам Павлодар қаласының тұрғыны. 

Павлодар облысы