Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45

Міне, жауапкершілік!

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2016 жылы жапондық «Akagi Nyugyo» компаниясы өздерінің ең та­ны­­мал бал­мұздақ өнімдерінің бірі – «Garigari-kun» бағасын 60 иен­нен 70 иен­ге көтерді. Бұл баға 25 жыл бойы өзгер­мей тұрған еді, бірақ инфля­ция­ның өсуі компанияны осын­дай қа­дам­ға баруға мәжбүр етті.

Міне, жауапкершілік!

Бағаның небәрі 10 иенге ғана өскеніне қара­мастан, компания ұлттық телеарнадан 1 минуттық арнайы жарнама ролигін шы­ғарды. Онда ұжымның бас директоры бас­таған бүкіл қызметкер штаб-пәтердің ал­дында тізіліп тұрып, үнсіз иіліп, жапон хал­қынан кешірім сұрайды. Бұл ролик шы­найылық пен жауапкершіліктің үлгісі ретінде қабылданып, елдің брендке деген сенімін арттырды.