Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Акула да ән тыңдайды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аустралиялық Мэтт Уоллер – акулаларды жақыннан көргісі келетін турис­терге арнап суасты турларын ұйым­дастыратын кәсіпкер. Бір күні ол акулалардың рок музыкасына елең­дейтінін ойда-жоқта аңғарып қалады.

Акула да ән тыңдайды

Ғалымдардың айтуынша, акулада құлақ болмаса да, олар төмен жиіліктегі дірілге ерекше сезімтал келеді. Сондықтан рок музыкасының қуатты ырғақтары мен тер­белістері жыртқыштардың назарын бірден аударады екен. Бұл құбылыс акус­ти­калық сигналдардың суасты тіршілігіне әсерін зерттейтін мамандар үшін де қы­зық­ты тәжірибе болды.