Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45

Тамаша тапқырлық

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1967 жылы атақты «Simon and Garfunkel» дуэті «Fakin’ It» атты муз­ы­ка жазды. Әннің нақты ұзақ­ты­ғы – 3 минут 14 секунд.

Тамаша тапқырлық

Бірақ сол кезеңде АҚШ-тағы көптеген радиостансалар 3 минуттан ұзақ әндерді эфирге шығарудан бас тартатын. Мұндай шектеу жарнама мен хабарламаларға көбірек уақыт қалдыру үшін енгізілген. Енді қайтпек керек? Продюсерлер ойла­на келе, күйтабақта әннің ұзақтығын 2 минут 74 секунд деп көрсетеді. Бұл – мате­ма­ти­калық тұрғыдан сол баяғы 3:14 секунд, бірақ көрген көзге 3 минуттан аспайтын сияқты әсер қалдырады. Осылайша, продюсерлер айласын асырып музыкалық цензурадан айналып өткен.