Үкімет • Кеше

Павлодар мен Екібастұздың жылу желілері жөнделеді

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Павлодар облысында инженерлік желілер мен жылу көздерінің тозуын азайту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынды. Осы мақсатта Үкімет резервінен Павлодар және Екібастұз қалаларындағы жылу желілерін жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін шамамен 3,8 миллиард теңге бөлінді. Қаражат бөлу туралы тиісті қаулыға Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар мен Екібастұздың жылу желілері жөнделеді

Фото: Ашық дереккөз

Бөлінген қаражаттың басым бөлігі шамамен 3 миллиард теңге Екібастұз қаласындағы жылу желілерін жаңғыртуға бағытталған. Атап айтқанда, бұл сома Орталық жылу тарату пунктінен 1,4 шақырым жердегі елді мекенге дейін созылатын ТМ-I және ТМ-III магистральдарын жөндеуге жұмсалады.

«Павлов – Шевченко – Катаев көшесіндегі тұрғын үй шағын ауданын жылумен қамтамасыз ету үшін Камзин көшесі бойынша ТМ-13 салу жобасын аяқтауға Павлодар қаласына 802 млн теңге бағытталады. Шығындардың жалпы сомасы 5,8 млрд теңгені құрайды. Үкімет резервінен 3,8 млрд теңге бөлінді. Қалған 2 млрд теңге көлеміндегі қаражат облыстық бюджеттен қаржыландырылды. 2024 жылы Үкімет резервінен бөлінген қаражатқа ұзындығы 9 шақырым магистральдық жылумен жабдықтау желілеріне жөндеу жүргізілді. Екібастұз ЖЭО-да қазандық агрегаттары жөнделіп, тазартылған су құбыры салынды», деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Бұған қосымша, облыс бойынша жылу беруші кәсіпорындарда 2,4 шақырым жылу желілері жаңартылған. Оның ішінде «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы аясында салынған, құны 1,7 миллиард теңге болатын 2,1 шақырымдық жаңа жылу желілері бар.

Осы жұмыстардың нәтижесінде 2024 жылдың басында облыстағы жылу желілерінің тозу деңгейі 79,7%-ға дейін төмендеген.

«Облыс орталығы мен Екібастұз қаласындағы желілердің тозуын одан әрі төмендету және алдағы жылыту маусымында үздіксіз жылумен қамтамасыз ету үшін жылу магистральдарының ағымдағы реконструкциясын уақтылы аяқтау қажет. 2024 жылғы желтоқсанда бекітілген «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру шеңберінде Павлодар қаласында 1-НО-52 ЖЭО учаскесінде өткізу қабілетін арттыра отырып, 9,8 млрд теңге сомаға жаңа ТМ-20а жылу магистралін салу жоспарлануда. Жоба негізінде республикалық бюджеттен қаражат қарастырылмаған қала аумағының 30%-ын жылумен қамтамасыз ету көзделген», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Алакөлге шаршамай жетесіз

Аймақтар • Бүгін, 08:55

Қанасқа қатынау жеңілдейді

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Өндіріс қалдығы азаяр емес

Экология • Бүгін, 08:40

Желмен жүретін пойыз

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:35