Технология • Кеше

«Tizilim» ақпараттық жүйесі өз жұмысын бастады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде 1 шілдеден бастап «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілген қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» жаңғыртылған мемлекеттік ақпараттық жүйесі іске қосылды, деп жазады Egemen.kz.

«Tizilim» ақпараттық жүйесі өз жұмысын бастады

Tizilim платформаcы бұрынғы reestr.nadloc.kz ресурсының орнына қолданысқа енгізілген. Сатып алу жүйесінің тиімді, әрі нәтижелі жұмыс істеуін қамтамасыз етеді деп күтілуде. Tizilim ақпараттық жүйесі нормативтік өзгерістерге сәйкес әзірленіп, сатып алу рәсімдерін тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша бірыңғай номенклатуралық анықтамалығындағы (ТЖҚБН) кодтарға сәйкес жүзеге асырады.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің хабарлауынша, жер қойнауын пайдаланушылар  мен өнім берушілер үшін tizilim.gov.kz жүйесінде тіркелу 23 маусымда басталған. 1 шілдеге дейін жер қойнауын пайдаланушылар «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-мен ТЖҚ бойынша Бірыңғай номенклатуралық анықтамалықты (ТЖҚ БНА) пайдалану абонентін алу жөнінде шарт жасасуы және жүйеге тіркелу қажет болған.