Білім • Кеше

Жолшы-инженер мамандарына 750 білім беру гранты бөлінді

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылы жолшы-инженер мамандарын даярлау мақсатында мемлекет тарапынан «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша бакалавриат бағдарламасына 750 білім беру гранты бөлінді. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Жолшы-инженер мамандарына 750 білім беру гранты бөлінді

Фото: Ашық дереккөз

Аталған мамандық бойынша еліміздің алты жоғары оқу орнында білім алуға мүмкіндік бар. Атап айтқанда, талапкерлер келесі оқу орындарына грант негізінде түсе алады:

  • Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты (Алматы қаласы);
  • Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (Өскемен қаласы);
  • Халықаралық көлік және гуманитарлық университет (Шымкент қаласы);
  • А. Сәғинов атындағы Қарағанды техникалық университеті (Қарағанды қаласы);
  • М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті (Тараз қаласы);
  • Логистика және көлік академиясы (Алматы қаласы);
  • С. Торайғыров атындағы Павлодар университеті (Павлодар қаласы).

Министрліктің мәліметінше, «Көлік құрылысы» бағытын таңдаған талапкерлер жол-құрылыс саласындағы сұранысқа ие кәсіпті меңгеруге, заманауи инженерлік дағдыларды игеруге, сондай-ақ ауқымды инфрақұрылымдық жобаларға қатысуға мүмкіндік алады. Бағдарлама студенттерге көлік желісін жобалау, жол сапасын сараптау, жаңа материалдармен жұмыс істеу және заманауи технологияларды қолдану салаларында терең білім береді.

«ҚР Көлік министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі және Қазақстан жол ғылыми зерттеу институтының бірлескен жұмысының нәтижесінде былтырдан бастап елімізде «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша бағдарлама қайта жанданды», делінген хабарламада.
 
Соңғы жаңалықтар

Маңдайалды механизатор

Маман • Бүгін, 10:15

Экологиялық таза үй

Құрылыс • Бүгін, 10:00

Жазушының жүрек үні

Зерде • Бүгін, 09:55