ПЕТРОПАВЛ. 22 маусым. Облыс орталығында орналасқан әйелдер колониясында өткен қос шара мерекедегідей ұйымдастырылып, сотталушыларға жоғары көңіл-күй сыйлады. Бұл туралы egemen тілшісі хабарлады.
Мұнда 18 жастан 30 жасқа дейінгілерге орта білім алу міндетті. Биыл олардың қатарын 8 сотталушы толықтырды. Оларға 12 жылдық мектепті бітіргендігі туралы аттестат салтанатты түрде тапсырылды. Солардың бірі Әсел Оңайбаева жасаған қылмысы үшін 5 жылға бас бостандығынан айрылса, 2 жылын тепті. Аттестат алғаннан кейін білімін әрі қарай жалғастыруды көздеп отыр.
Бұл шараның соңы тағы бір қуанышқа ұласты. Атап айтқанда, 44 қыз-келіншектің 23-і құрылыс, 21-і тігінші мамандықтарын алғанын куәландыратын дипломдарға ие болды.
Петропавл кәсіптік техникалық колледждің директорының міндетін атқарушы Талғат Қабдулиннің айтуынша, үш колонияның сотталушылары он ай оқып, кәсіптік мамандыққа бағдарланады. Материалдық база, кабинеттер жақсы жабдықталған.
«Колонияда тігін цехы жұмыс істейді. Сотталушылардың бір бөлігі жұмыспен қамтылған. Жалақылары арнайы есепшотқа уақытылы аударылып тұрады», дейді ЕС-164/6 түзету мекемесі басшысының тәрбие жөніндегі орынбасары Айқын Бәженов.
Өмір Есқали.
Дерек, сурет: egemen.kz
• 22 Маусым, 2015
Петропавл әйелдер колониясында 44 сотталушы диплом алды

Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Медицина • Кеше
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Өнер • Кеше
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада Ресей кино-фестивалі басталды
Мәдениет • Кеше
Мемлекет басшысы Оман Сұлтандығының өкілін қабылдады
Президент • Кеше
«Ажал аяқ астында»: Қос жұмысшы құдықта көз жұмды
Оқиға • Кеше
Қазақ балуандары Антальяда 8 алтын алды
Күрес • Кеше
«QaJET» жаңа платформасы «жасыл» жобаларға жол ашады
Инвестиция • Кеше
«Кітап оқитын ұлт» жобасының нәтижесі жарияланды
Мәдениет • Кеше