
Руслан Берденов биылғы жылдың 24 ақпанында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол тағайындалғаннан кейін көп ұзамай Мәжілістегі депутаттық өкілеттігін тоқтатты.
Еске салайық, 21 сәуірде Руслан Берденовке қастандық жасалған болатын. Ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізіліп, ота жасалған.
Қала әкімдігінен хабарлағандай, ол әлі өз міндетін атқаруға кіріспеген. Руслан Берденов еңбек демалысында. Қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов әкім орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалды.