
Фото: Видеоскрин
Қаржылық және цифрлық қауіпсіздік саласындағы заманауи сын-қатерлерді талқылауды көздеген форум ең бастысы – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және оларды қаржылық алаяқтықтан қорғауға бағытталды.
Қаржы пирамидаларына қатысудың тәуекелдері, «дроптар» қызметі, интернет-алаяқтық үшін жауапкершілік және алдын алу шаралары талқыланған форум ең бастысы – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және оларды қаржылық алаяқтықтан қорғауға арналды.
Білім беру бағытындағы баяндамалар интерактивті форматпен қатар жүріп, «Патруль», «Коптар 667» телехикаяларының актерлері қаржылық алаяқтық туралы қойылымдар көрсетті.
Іс-шарада алаяқтық тұрғысындағы өз бастарынан өткен нақты оқиғалар туралы бөліскен танымал блогерлер цифрлық тұзақтарды қалай тануға және болдырмауға болатыны жөнінде құнды кеңестер айтты.
Форумның барлық серіктестері мен қатысушыларына алғыс білдірген Қаржылық мониторинг агенттігі мұндай іс-шараларды түрлі форматта өткізіп, халықтың кең ауқымын тартуды жалғастыруға ниетті.