
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
2024-2025 оқу жылында мектептерде 4 мыңнан астам «Жасыл клуб» эко бірлестігі құрылып, оған 125 мың оқушы қатысқан. «Жасыл балабақша» бағыты бойынша 77 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде тәжірибеде іске асырылуда. Негізгі бағыттардың бірі өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады. Бұл жұмысқа 40 мыңнан астам баланы қамтитын жас натуралистер мен жас туристер жұмылдырылған», деді Ғ.Бейсембаев.