
фото: turkystan.kz
«Дания корольдік театрының жұлдыздары Алматыда» деп аталатын гала-концертте балет сүйер қауым әлемдік классикалық және заманауи хореографияның озық үлгілерін, әлемдік балеттің бірегей жетістігін тамашалауға мүмкіндік алады. Оның ішінде дат балетінің мақтанышы — Бурнонвиль техникасымен қойылған сирек спектакльдер де көрермен назарына ұсынылады.
Сонымен қатар жас таланттарды қолдау және мәдени байланысты нығайту мақсатында балаларға арналған воркшоп пен мастер-класс өтеді. Онда шетелдік мамандар балғын бишілерге балеттің қыр-сырын үйретеді.
Концерт 27 маусым күні Almaty Theatre-да өтеді. Басталуы: 19:00.