ANTIKOR • Бүгін, 10:20

Елімізде «Әділ қоғам» жобасы іске қосылды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2025 жылғы 24 маусымда «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығының қолдауымен «Әділ қоғам» жобасы ресми түрде іске қосылып, жұртшылыққа таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Елімізде «Әділ қоғам» жобасы іске қосылды

Жоба мәдени және білім беру бағдарламалары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған.

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өткен іс-шараға  Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, елдің ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.

ө

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз сөзінде «Әділ қоғам» жобасының адалдық пен әділеттілік жолындағы нақты қадамдардың бірі екенін атап өтті.

«Кеше ғана Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында елге және заңға қызмет етуге бел буған әрбір азамат адамгершілік пен әділдік құндылықтарын басшылыққа алатынын айтып, мұндай қасиеттер ең алдымен тәрбие арқылы берілетінін атап өткен болатын. Сондықтан біз әр азаматтың бойына адалдықты дарыту, жастарды парасат пен ізгілікке баулу жолында бірлесе жұмыс істеуге тиіспіз. Тек осылай ғана біз тұрақты, сенімді, адамгершілікке негізделген қоғамды бірге қалыптастыра аламыз», деді Аида Балаева.

ө

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали қазақ халқының ұлттық дәстүрлері ежелден-ақ әділдік, адалдық және парасаттылық құндылықтарын қалыптастырғанын атап өтті.

«Бұл идеалдар ұрпақтан ұрпаққа беріліп, аңыздардан, мақалдардан, өлеңдер мен әдет-ғұрыптардан көрініс тапты. Рухани мұраға бай ұлттық мәдениет халық арасында адамгершілік нормалар мен қағидаттарды құрметтеуді тәрбиелеуге негіз болды. Осылайша, ұлттық мұраны, отбасылық және қауымдық дәстүрлерді құрметтеу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды құра отырып, біз адал қоғамды қалыптастыру үшін берік іргетас қалаймыз», деді Асхат Жұмағалиұлы.

Іс-шара аясында қатысушыларға халық даналығы мен адалдық үлгісін көрсететін «Ізгілік дәстүрі» атты бейнероликтер, оқушылардың тақырып аясында салған суреттері көрсетіліп, «Ұлы дала әдебі» көрмесі таныстырылды.