
Ғалымдар 19 түрлі қызыл саз үлгісін анықтап, олардың ұнтақталып, арнайы өңделгенін байқаған. Бояуда гематит пен гетит сияқты табиғи минералдар болған. Кейбірінде май немесе ақуыз негізіндегі желім қосындысы болуы мүмкін дейді. Бұл – неандертальдықтардың ойлау қабілеті дамығанын және бояуды тек жинап қоймай, арнайы мақсатта қолданғанын көрсетеді.