Аймақтар • Бүгін, 08:13

Саябақ сәні – субұрқақ

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертіс-Баян өңірінде биылғы жаз ерекше ыстық. Аптап ыстықта қала тұрғындары субұрқақтарды жағалап, сая табады. Облыс орталығында коммуналдық 22 субұрқақ орналасқан. Қала әкімдігінің мәліметінше, олардың 50%-дан астамы 15 жыл бұрын салынған.

Саябақ сәні – субұрқақ

Суретті түсірген – автор

Субұрқақ тостаған­дары­ның негізгі қаптау бө­лігіне ағымдағы жөн­деу жүргізу қажет. Олардың жаб­дықтары жыл сайын маусым аяқ­талғаннан кейін қалпына кел­тіріледі, істен шыққандары жаңа­сымен ауыстырылады.

– 22 субұрқақтың үшеуі 5 жыл­дан аз уақыт бұрын салын­ған («Мәшһүр Жүсіп» мешіті, «Ю. Гагарин атындағы саябақ», Металлургтер саябағы), 4 субұр­қақта жабдықтар мен қаптама плит­каларды ауыстыру жұмыс­тары жүргізілді. Қазіргі заман­ғы дизайнмен безендірілген 3 құрғақ субұрқақ жұмыс істейді. Эстетикалық тартымдылығы­нан бөлек, барлық субұрқақ шаһар экологиясын жақсартуға да қыз­мет етеді. Әсіресе құрғақ кли­мат жағдайында ауаны ыл­ғал­дан­дыруға көмектеседі, жаз­дың ыстық күндері салқындату әсерін қамтамасыз ете алады, – дейді әкімдіктің абаттандыру секторының меңгерушісі Әлібек Оразалин.

Нысандарды күтіп ұстауға, ағымдағы жөндеуге биыл 76 млн теңге бөлінген. Қаражат әрбір субұрқақтағы операторлардың жалақысына, субұрқақтарды жинау­дың химиялық құралдары мен су беру-ағызу коммуналдық шығын­дарына, ағымдағы жөн­деу­ге, қаптама плиткаларын, істен шық­қан сорғыларды ауысты­руға, өзге шы­ғыс материалдарына жұмсалады.

Әкімдік өкілдері субұрқақ айна­ласында серуендеп жүрген тұр­ғындардан тұрмыстық қо­қыс­тар­ды лақтырмауды сұрай­ды. Бақылаусыз қалған балалар субұрқаққа шомылып жататын жағдайлар жиі кездеседі. Негізі субұрқақтағы суға түсуге қатаң тыйым салынған. Сондықтан жаз мезгілінде ата-аналар бұған ерекше назар аударғаны жөн.

 

Павлодар облысы