
Тыңдаушылар орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері болды. ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің базасында 4 мыңға жуық тыңдаушы мен 600 волонтер оқытылды.
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні аясында түрлі төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл тәртібі туралы халықтың хабардарлық деңгейін арттыруға бағытталған ауқымды іс-шаралар өткізілді. ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің іс-шараларды іске асыру кезінде дайындықтың жоғары деңгейін және креативті тәсілді көрсеткен бастамалары ерекше назар аударуға тұрарлық. Имидждік іс-шараларды іске асыру азаматтарға ақпаратты тиімді жеткізуге ғана емес, сонымен қатар халықтың шұғыл жағдайларда іс-әрекетке дайындығының жалпы деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында республика бойынша «Бала қауіпсіздігі – басты назарда» ұранымен ауқымды профилактикалық акция өтті. Ұйымдастырушылар – ҚР Төтенше жағдайлар Министрлігі және оның аумақтық бөлімшелері – балаларды қауіпсіздік негіздеріне оқытуға, құтқарушы мамандығын дәріптеуге және өмір мен денсаулыққа ұқыпты қарау мәдениетін нығайтуға бағытталған 100-ден астам іс-шара өткізді. ТЖ департаменттерінің қызметкерлері еліміздің барлық өңірлерінде интерактивті сабақтар, шеберлік сыныптары, көрме қойылымдары, конкурстар, викториналар мен техника көрмелерін ұйымдастырды. Акцияға мыңдаған балалар мен ата-аналар, сондай-ақ еріктілер, мектеп педагогтары, Апаттар медицинасы орталықтарының қызметкерлері және ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, республикалық және өңірлік деңгейлерде мектеп парламенттерінің «Төтенше жағдайлар министрлерімен» жұмыс белсенді жүргізілуде. Осы жұмыс аясында оқушыларды күнделікті өмірге сәйкес келетін өмірлік қауіпсіздік мәселелерін шешуге дайындау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады.
Министрліктің азаматтарды төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға оқытуды ұйымдастыру бойынша жүргізген жұмысы оң нәтиже береді. Қауіпсіздік мәселелеріне қызығушылық артып келеді.