Спорт • Кеше

Әлемді бағындырған жандар

30 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әке мен баланың спорт бәсекелерінде бірге өнер көрсетуі, екеуінің де ел абыройын асқақтатып, бәсі биік додада топ жаруы – сирек кездесетін, аңызға бергісіз жағдай. Шет ауданы Ақадыр кентінің тұрғындары, әкелі-балалы Дәрібай Оспанов пен Абдулкәрім Қараман сондай жандар.

Әлемді бағындырған жандар

Қос спортшы спорттың ең ауыр әрі күр­де­лі түрі пауэрлифтинг­тен ел намысын қорғап, төрт­күл дүниені тамсандырып ке­леді. Жақында Норвегия­ның Драммен қаласында пауэр­лифтингтен әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге әлем­нің ­14 елінен 1400-ден астам зілтемір­ші қатысып, өзара мық­тыны анықтады. Осы чемпионатта әкелі-балалы спортшылар ел байрағын көкке көтерді.

Дәрібай Қараманұлы додада 70 жастан асқан ардагерлер арасында, 93 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Нәтижесінде, пауэрлифтингтің классикалық түрінен қола, арнайы жабдықпен көтеруден алтын медаль еншіледі. Осылайша, ардагердің халықаралық жарыс­тардан алған медаль саны 22-ге, әлем біріншілігінен алған жүлде саны 10-ға жетті. Оның бесеуі алтын, төртеуі күміс, біреуі қола жүлде. Осы уақытқа дейін Азиядан он алтын, екі күміс медаль еншілепті.

Ұлы Абдулкәрім Қараман да чемпионатта қос алтынға қол жеткізді. Спортшы өз сал­ма­ғында жарыстың классикалық түрі­нен 190 килограммды бағын­дырып, қара үзді. Арнайы жаб­дықпен көтеру аталымында да 245 кг көтеріп, қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді.

пр

– Абдулкәрім осы чемпионатта халықаралық төрешілер қауымдастығының қатарына еніп, төрешілік етті. Әрі өзі де сайысқа түсіп, қос алтынның иегері атанды. Ұлым шетел жа­рыс­тарында 20 медаль еншіле­ген. Әлем чемпионатынан жеті алтын, жеті күміс, Азия бірін­­ші­лігінен алты алтын таққан, – дейді Дәрібай Қараманұлы.

Айта кетейік, ұлттық құрама спортшылары қос сайыста да жалпыкомандалық есепте көш бастады. Ерлер арасында сынға түскен ақтаулық Асқар Шоқанов абсолюттік чемпион атанды.

Дәрібай ақсақал әлемдік рекордты қайталаған спортшы. Өз сал­мақ дәрежесінде 180 кг зіл­те­мір көтер­ген. 56 жасынан бас­тап пауэр­ли­фтингке ден қойған ақ­са­қал Азия біріншілігінде Гонконг, Фи­лип­пин, Үндістанға барды. Әлем­­дік біріншілікте АҚШ, Че­­хия, Жапония төрінде өнер көр­сет­ті.

– Мен инженер-геодезист болып жұмыс істедім. Құбыр тартып далада жүргенде бос пластмасса құтыларға құм толтырып, көтеріп жаттығатын едім. Содан әлемдік деңгейге шық­­тым. Алғаш рет 2008 жылы Гон­конг­тегі Азия біріншілі­гін­де күміс жүлдегер атандым. Одан кейін Филиппинде алтын алдым. 2012 жылы АҚШ-та күміс иеленіп, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормасын орындадым, – дейді Д.Оспанов.

Осыдан екі жыл бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақор­дадан Ақадыр­дағы пауэрлиф­тинг чемпионы Дәрібай Оспа­новқа арнайы тарту-тарал­ғы беріп жі­берген еді. Алғыс хат пен арнайы тартуды өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев табыс­тады. Президент чемпионға Алғысхатпен бірге естелік са­ғат, Бурабай шипажайына жол­дама сыйлады. Облыс әкімдігі де чемпионды құр қол жібер­мей, Ақадырдың спорт мектебі­не халықаралық деңгейдегі штан­га жиынтығын алатын 10 млн теңге сертификат тарту етті.

 

Қарағанды облысы 

Соңғы жаңалықтар