Таным • 10 Маусым, 2025

Талап

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Тағдырдың адамға берген жалғыз сыйы – талап» депті бір философ. Расында, талапты кім береді? Неге барлық адам өзін тануға талапты емес?

Талап

Сурет: e-history.kz

Әлихан Бөкейхан бір хатында өз үйіне келіп, «қайтсем де орыс тілін үйренемін» деген талабынан қайтпай еңбектеніп отырған Сұлтанмахмұтты айтып, ерекше сүйсінетіні бар. Сұлтанмахмұт ақын өз жырында:

«Оллаһи! Ант етемін Алла атымен,

Орыс тілін білемін һәм хатымен.

История, география пәнді білмей,

Оллаһи, тірі болып жүрмеспін мен»,

– деп өз-өзіне ант береді. Ұлы мақсат жолында білте шамға үңілген ақынның үлкен ізденіс шыңырауына құлаш сермегенін байқаймыз. Ал Мағжанның «Еуропалық әше­кейлермен» көмкерілген отты жырлары, тарихи, этно­графиялық шежіреге толы өлеңдері шайырдың тұң­ғиық тереңдігіне дәлел. Ақын­ның Батысқа сапары жаңа, тосын көзқараспен аяқталады.

Жазушы Антон Чехов суретші ағасына жазған хатын «ортадан дәрежең төмен тұр­мау үшін, Пиквиканы оқып шығу немесе Фаустан монолог жаттау жеткіліксіз. Оған күндіз-түні үзіліссіз еңбек, мәңгілік оқу, еркіндік қажет. Біздің үйге кел де жатып алып оқы, тымқұрығанда өзің оқып көрмеген Тургеневті…» деп аяқтайды. Білімсіздікке жаны қас жазушы айналасына шуақ шашып, әр адаммен өз дәрежесінде сөйлеседі. Тіпті күрделі сөйлеуге тырысқан жер­гілікті әйелдерге марме­ладты жақсы көретінін айт­қаны да күлкілі әрі қызық.

Әлбетте, оқығанды ойға тоқу, білімді бойға дарыту үлкен еңбек. Жаңбырды бойына дұрыстап сіңірмейінше, топы­рақтың құнарлы өсім­дік бермейтіні секілді, білі­мін бойға дұрыс сіңіре ал­маған шығармашылық иесі қатерлі түсінікке баруы әбден мүмкін. Әдебиетке кел­ген көп жас буынға үлгі болған Мартен Иден про­тотипі де ізденімпаздық пен жанкештіліктің жеңісін әйгі­лейді. Кейіпкердің өзі болуға шақырады. Расында «шабыт дегеніміз – ізденіс». Мехнат дегеніміз – жеңіске жетелер жол. Талапты ерге нұр жауады!

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025